Нет отзывов, добавить
Контакты
Интернет-магазин "MG-STAR"
+7 показать номер
+7 показать номер
MG-STAR
КазахстанАлматы

сақина/кольца

Ертеректе халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина не болмаса жүзік болуы керек деп санаған. Тіліміздегі "Сақинаны сәнге салмайды, ол - тазалыққа таразы", "Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас" дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқаратынын дәлелдейді. Мұның өзі халықтың сақина соғылатын күміс не алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа жағымды әсер ететінін ертеден-ақ аңғартып байқағанын көрсетесе керек. Күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында яки баланың жөргек-жаялығын жуар алдында оған сол үйдің үлкендері (енесі не абысыны) "қолыңа сақина салып ал, тазалыққа тән болады" деп ескертіп отырған. Олай болса нәрестені қырқынан шығарғанда оны шомылдыратын суға алтын не күміс сақина немесе білезік салу дәстүрі оларды соған қатыстырып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты.